Тікелей эфир «Бірге оқимыз»

2021 жылдың 21 шілдесі күні сағат 15.00 де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бірге оқимыз» онлайн жобасы аясында тікелей эфирде М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының 2 курс студенті Аяған Диас Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» атты кітабы туралы әңгімеледі.
«Көк мұнар» — Мұхтар Мағауиннің алғашқы романы. Бұл романда бастан-аяқ зиялы қауым өкілі, ғалымдар өмірі арқау болған. «Көк мұнар» арқылы Мұхтар Мағауин өзіне дейін түбегейлі жазыла қоймаған тақырыпты қозғап, өмір шындығын көркемдік шындық арқылы көрсетуді мақсат тұтқан. Романда ғылым деген қызығынан қиындығы басым, мол білім қорымен келіп, еңбекқорлық, ізденімпаздық арқасында көздеген мақсатқа жеткізетін үлкен жолда кімнің кім екенінің бетпердесі ашылатыны зерделенеді. Бас-аяғы жиырма шақты кейіпкер қатысатын шығармаға профессор Әзімхан Бекмұхамедов; доцент Бәкен Тәңірбергенов; Едіге, Кенжек, Халел, Бәтия, Әнуар, Мұхамед-Шәріп, Бердібек сынды аспиранттар өмірі арқау болған. Бас қаһарманы – Едіге. Бұл кітаптың жастарға, жалпы оқырман қауымға берер пайдасы зор.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #БіргеОқимыз