Тікелей эфир «Бір ел – бір кітап» балалар әдебиеті бөліміне шолу

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында поэзия, проза және драматургия сияқты әдебиеттің маңызды жанрларымен қатар, балалар әдебиеті де шет қалған жоқ. Балалар әдебиеті — әдебиеттің үлкен бір арнасы, ұрпақ тәрбиесінің талбесігі.

Бүгін «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» көрмесінің балалар әдебиеті бөліміне шолу жасалды. Акция аясында бұл салада «Өнер-білім бар жұрттар» (Ы.Алтынсарин), «Жекпе-жек» (Б.Соқпақбаев), «Жиһангез Тити» (М.Қабанбаев), «Алабұға аулаған күн» (Т.Әбдірайым), «Алтын тостағанды іздеу» (З.Наурызбаева, Л.Калаус), «Бар болғаны он төрт жас» (М.Айымбетов) кітаптары таңдалды. Бұл шығармалардың барлығы да балалар өмірінен алып жазылған және балалар әдебиетінің таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алады.