Тікелей эфир «Қазақ авторлары Жеңіс күніне»

2022 жылдың 5 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Қазақ авторлары Жеңіс күніне» тақырыбында поэзия жанрындағы белгілі қазақ ақындарының Жеңіс туралы өлеңдері оқылды.
Белгілі қазақ ақындарының поэзия жанрындағы Жеңіс күніне арналған өлеңдерін осы кітапхананың кітапханашысы Марал Касенова оқыды.
Ақын Рахметолда Нұрпейісовтің «Қымбат сөз», жерлесіміз көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың «Соғыс пен Жеңіс», жерлесіміз, көрнекті ақын Есләм Зікібаевтің « Жеңіс күні» балладасы мен «Оралды жеңіс болып» өлеңі, ақын Сырбай Мәуленовтің «Жеңіс күні» өлеңдері оқылды.
Жас оқырмандарға соғыс тақырыбына жазылған проза жанрындағы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Бауыржан. Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала», Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романдары оқуға ұсынылды.