Танымдық сағат «Қазақтың батыр қыздары»

Бүгін С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 4ә сынып оқушыларымен «Қазақтың батыр қыздары» тақырыбына танымдық сағат өткізілді. Шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды. Кітапханашы Қ. Мәлікова оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова туралы мәлімет берді. Іс-шара слайдтармен сүйемелденіп, батыр қыздар туралы бейнеролик, Х.Доспанова туралы 2006 жылы түсірілген «Қарыздар ұрпақтан» фильмін үзінді көрсетілді. Сонымен қатар батырлар өмірінен сыр шертетін кітаптар таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги