Танымдық сағат «Қазақтың қанатты қызы — Хиуаз» Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл

2022 жылдың 18 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгері, қазақтың қаһарман қызы, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың қанатты қызы — Хиуаз» атты танымдық сағат өткізілді.
Кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова жастық шағы отты жылдардың шарпуында өтіп, сұрапыл соғыстың күркіреген күндері мен түндерінде қырандай қайсарлығымен қаһармандық танытқан әскери ұшқыш, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың өмір жолы мен соғыста дұшпанмен арпалыста ерекше көзге түскен ерлік істері туралы жан-жақты баяндады.
Ерлік ешқашан ұмытылмауы тиіс. Майдандастары қазақ қызының ерлігіне тәнті болып, «қанатты қыз» атаған Хиуаз Доспанованың ерлігі жастарға өшпес үлгі-өнеге болып қала береді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҚазақтыңҚанаттыҚызыХиуаз