«Талантты жазушы»

2023 жылдың 24 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығы туралы «Талантты жазушы» атты танымдық сағат өтті.
Тікелей эфирде қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің еңбектері, шығармашылығының негізгі өзегі, мазмұны туралы, жазушының 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса авторы екендігі жайында баяндалды.
Төлен Әбдіктің шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. Жазушы шығармашылығының негізгі өзегі – пенде мұңы. Жеңіл-желпі желұшық мұң емес, артында қара тастай қасірет жатқан көштей күңіренте-сыңсытып өз жүрегінен өткізген жалқының мұңы.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги