«Тәуелсіздік» деп жырлайды жүрегім»

2021 жылдың 10 желтоқсаны күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік» деп жырлайды жүрегім» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
Алғашқы болып сөз алған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бимақанова Зылыйқа Шахметқызы «Тәуелсіздік құндылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Қазақстанның Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталды, еліміздің татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі екенін баса айтты. Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет екенін атап көрсетті.
Әдеби-музыкалық кешіміздің негізгі бөлігі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған жыр шашу мен әнге арналды. Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының студенттері – жас ақын Диас Аяған, Ерлан Жұмахан, Қызғалдақ Бердімұрат Тәуелсіздікке арналған өз өлеңдерін оқып берді.
Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжінің 4 курс студенті Рахат Есләмов әннен шашу шашып, қатысушылардың қошеметіне бөленді.
Шараға қатысушылар «Жасампаздықтың 30 жылы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодДетскойЛитературы #Тәуелсіздік