Төлен Әбдіков шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстыру. «Бір ел — бір кітап»

Бүгін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында Төлен Әбдіков шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. Студенттерге аталмыш акция жайында, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Т.Әбдіктің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Қаламгердің кітап көрмесіне қойылған кітаптары, сондай-ақ орыс, ағылшын тіліне аударылған кітаптары, жазушының түрлі мерзімді басылымдарға берген сұхбаттары, мақалалары таныстырылды. Т.Әбдік жайында «Тұлға» деректі фильмінен, жазушының «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесі бойынша түсірілген «Өтелмеген парыз»; «Оң қол» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген қысқаметражды фильмдерден үзінділер көрсетілді.