«Сыршыл лириканың сұлтаны»

2022 жылдың 15 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, аса көрнекті ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты әдеби кеш өтті.
Шараға Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кешті С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді. Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы Сырбай Мәуленов туралы естелігімен бөлісіп, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндады.
Кешімізге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері белсене қатысты. Сырбай Мәуленовтің «Қазақ тілі» атты өлеңін 1 курс студенті Мерей Керімбек оқыса, 3 курс студенттері – Назым Әскер «Туған жерім, ыстықсың» өлеңін, Қарақат Нұржанова «Кең өлке» өлеңін, Қызғалдақ Бердімұрат «Ұядан ұшқанда» өлеңін жатқа оқып берді.
Шара барысында слайд көрсетілді. Қатысушылар «Жыр тұлпары» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация#ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги #СыршылЛириканыңСұлтаны