«Шығыстың дара қызы Айғаным»

Эфир XIX ғасырдағы қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ханымның туғанына 240 жыл толуына арналды. Айғаным ханым қазақ тарихында өз бетінше билікке қол жеткізе алған, еуропаша білім алған, бірнеше тіл меңгерген, саяси-қоғам қайраткері ретінде, ұрпақ тәрбиелеген тәлімі мол ана, әже ретінде өз ізін қалдырған дара тұлға. Эфирге облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Еркебұлан Ахметжанұлы қонақ болып, Айғаным қонысы туралы ақпарат берді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги