Сейсенұлы Д. Ер қазақ

Автор: Сейсенұлы Дәулет
Описание: Сейсенұлы, Д. Ер қазақ [Мәтің] : [деректі хикаяттар екі бөлімді драма және сұхбат-әңгімелер] / Д. Сейсенұлы ; [ред. Б. Жүнісбеков]. - Алматы : [Полиграфкомбинат], 2020. - 392 б. : сурет, 26 б. фотосурет. - 500 дана. - ISBN 978-601-332-827-0.
Аннотация: Хакім Абайдың 175 және Алаш арыстарының ардақтысы атанған әкесі Мұхамедхан Сейтқұловтың 150 жылдығына орай оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттіксфйлығының лауреаты, ғалым, ақын-драматург һәм жазушы, педагог Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) өмірі, сталиндік жүйенің қуғын-сүргініне тап болған қилы тағдыры баяндалады.

Қайым бір кезде құлып салынған туған халқының мәдениетімен ғылымының тұтас бір дәуірін, сан жүздеген қолжазбалар мен шығармаларды зерттеп, олардың автрларың нақтылап, жарыққа шығарды. Соның бәрі қазірде егемен елдің ғылыми-мәдени және рухани мұрасы болып табылады. Жас Қайымның "Алдымда ақын Абай Темірқазық" атты поэмасы мен "Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған" деп басталатын Қазақ ҚСР әнұранындағы ойлары мен идеялары өз өміріндегі, ғылымдағы, адамдарға деген қарым-қатынасындағы берік ұстанымына айналды. Жоғары деңгейдегі рух пен ерлік, жан мер ар тазалығы, бойындағы туа біткен талант ғылымды халқына қалтқысыз қызмет етуге алып келді. Аса ұлағатты дәрежесінекөтерілген ол мыңдаған студенттерді оқытып, тәрбиеледі. Қайымның өнегелі өмір жолы бүгінгі жастар үшін де рухани тірек, алдарында бағыт-боғдар көрсететін темірқазық болып табылады.

Даритель: ОФ "Центр образования и культуры им. К. Мухамедханова"