«Сахна падишасы» Театр және кино актрисасы Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл

Бүгінгі эфир қазақ театрының аса көрнекті өкілдерінің бірі, комедиялық, трагедиялық, драмалық образдарды жеріне жеткізе сомдаған, қазақ драма театрының тарихында өшпейтін бейнелер мен қайталанбас характерлердің тұтас галереясын жасаған атақты актриса Хадиша Бөкееваның өмірі мен өнеріне арналды. Биыл Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл. Бөкееваның табиғи дарыны мен актерлік шеберлігі қазақ театрының сахнасында небір айшықты бейнелерді дүниеге келтіріп, бірнеше буын көрермендердің мәдени-көркемдік талғамын қалыптастыруға әсер етті. Хадиша Бөкеева бірнеше киноға түсіп, қазақ киносының қалыптасуына да үлес қосты. Эфирде Қ.Бөкеева ойнаған рөлдер мен фильмдерден үзінділер көрсетілді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #СахнаПадишасы