Сафуан Шаймерденов атындағы калалық классикалық гимназияның оқушыларымен экскурсия

2023 жылдың 10 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сафуан Шаймерденов атындағы калалық классикалық гимназияның 8 сынып оқушыларымен экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсететін барлық бө-лімдерінің қызметімен, кітап қорымен таныстырылды. Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей бөлмесі көрсетілді. Оқушылар Makerspace бұрышынымен танысты. Экскурсия соңында сол мектептің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сарсимбаева Аимжан Каппасовна мағыналы да қызықты экскурсия үшін алғысын білдірді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги