Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында 6637 әскери бөлімнің сарбаздарымен экскурсия

2023 жылдың 8 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 6637 әскери бөлімнің сарбаздарымен экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында кітапхананың барлық бөлімдерінің қызметімен таныстырылды. Сирек кездесетін кітаптар музейі, Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей бөлмесі көрсетілді. Коворкинг орталығымен, Makerspace бұрышындағы робототехникалардың жұмысымен таныстырылды. Кітапханадағы жыл бойы жұмыс істеп тұрған «Біздің Мағжан» және «Мерейгер жазушылар» атты кітап көрмелеріне шолу жасалды.
Экскурсия соңында 6637 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі Бақыт Садуақасов мағыналы да қызықты экскурсия үшін алғысын білдірді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги