«Рамазан – береке айы»

2024 жылдың 13 наурызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бекдәулет Анарбекұлы Қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан – береке айы» тақырыбында баяндама жасады (эфирге сілтеме).
Бекдәулет Анарбекұлы өз баяндамасында қасиетті Рамазан айының тарихы және оның маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ораза — исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден тиылады және басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Рамазан айында ораза ұстау – әр мұсылманның парызы екенін баса айтты. Рамазан айы — мейірім, кешірім айы. Сөз соңында Бекдәулет Анарбекұлы барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги