Приглашаем вас на прямой эфир

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
26-қараша күні кітапханада осы айтулы мерекенің қарсаңында жазушы, қоғам қайраткері, СҚО Құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовпен тікелей эфирде кездесу өтеді.