Поэзия кеші «Сыршыл ақын»

2021 жылдың 15 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жерлесіміз, ақын Әмина Шалабаеваның туғанына 105 жыл толуына арналған «Сыршыл ақын» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шараны Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді. Кешімізге Әмина Шалабаеваның туысы, еңбек ардагері Зейнолла Олжабаев аға қатысты. Ол Әмина Шалабаеваның ата-тегі, адамгершілік қасиеттері, жерлестеріне, туыстарына жасаған қамқорлығы туралы айта келіп, оның шығармашылығына тоқталды. Еуразия университетінің 1 курс студенті Алмагүл Тастанова ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа оқып берді.