Онлайн-жоба «Ұлы дала мұрасы»

Бүгін Алматы қаласы «Аспантау» баспасынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан сегіз кітап-альбомды тікелей эфирімізде таныстырып өттік. Аталған өлкелердегі киелі де қасиетті жер-су аттары, ақын-жыраулары, батырлары, кесенелер мен ескерткіштері әр жинаққа құнды мағлұматтармен топтастырылып қалың оқырман қауымның назарына ұсынылды.