2021 жылдың 22 маусымы күні сағат 16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Бірге оқимыз» онлайн жобасы аясында қаламыздың Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанова Динара Мұратқызы өзі оқығңан танымал жазушы, сыншы, кинодраматург, күйші-домбырашы Таласбек Әсемқұловтың 5-томдық шығармалар жинағының 2-томына енген шығармалары жайлы сөз қозғады.
Таласбек Әсемқұловтың 80-жылдары жазылған «Шымдан» повесі мен «Кәрі ат», «Атайы», «Арылу», «Үш аяқты ит», «Болмашы әңгіме» атты әңгімелеріне тоқтала келе, 2003-2013 жылдары жазылған «Біржан сал», «Тұмар падиша», «Бекторының қазынасы» тағы басқа киноромандарының ішінде «Құнанбай» тарихи кинороманына толығырақ тоқталды. Бұл шығармада Құнанбайдың тек Абайдың әкесі ғана емес, алмағайып заманда өмір сүрген кемеңгер, елдік үшін күрескен күрескер тұлға екені суреттеледі. Аталған шығарманың Құнанбай бейнесін биікке шығаруда қосқан үлесі зор. Шығарманың жастарды отаншылдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде де қосар маңызы ерекше екеніне тоқталды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ОнлайнЖобаБіргеОқимыз