«Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама» Бекенова Гүлмира, М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж оқытушысы

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушысы Бекенова Гүлмира Тасболатқызының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама» тақырыбына тікелей эфир өтті. Биыл акция ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналды. Акция аясында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын төрт бағыт бойынша оқу ұсынылады: ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі заманғы ахметтану ғылымы.
Эфирде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарына, ұлттық жазуды қалыптастыруға қосқан үлесі, әдеби шығармашылығы жайында баяндалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #БірЕлБірКітап