«Өмірінің өрнегі – өлең-жыры» «Жанды кітап» жобасының аясында ақын Күлайхан Рахметпен кездесу

Бүгін «Жанды кітап» жобасының аясында ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Күлайхан Рахметпен кездесу өтті. Күлайхан Рахмет 1987 жылдың 28 мамырында ҚХР Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Көкебұлақ ауылында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық журналистика мамандығын тәмамдаған. Алматы қаласында «Түрік әлемі» халықаралық газетінде журналист, Астана қаласындағы «Түгел» медиа-холдингінде, «Қазанат» және «Құлыным» журналдарында редактордың орынбасары қызметін атқарған. Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-дің әлеуметтік ғылымдар магистрі мамандығын тәмамдап, қазір осы университетте журналистика кафедрасының оқытушысы. Эфирде ақын өзін, 2018 жылы жарық көрген «Еркелет мені» кітабын таныстырып, болашаққа жоспарларымен, арман-мақсаттарымен, ақындыққа қатысты ой-толғамдарымен бөлісті.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ӨмірініңӨрнегіӨлеңЖыры