«Мемлекеттік рәміздер — еліміздің негізі»

Бүгін Әбілғаламова Кенжегул Кенжеханқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты тілдік дайындық кафедрасының қазақ тілі пәнінің оқытушысы «Мемлекеттік рәміздер — еліміздің негізі» атты баяндамасымен тікелей эфирімізге шықты.
Әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге міндетті.
Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздері қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Баршаларыңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения#МемлекеттікРәміздерЕліміздіңНегізі