2021 жылдың 2 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада аса көрнекті ағартушы, тұңғыш педагог, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, мұғалімдер, № 6637 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшілері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
Алғашқы болып сөз алған Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абилова Жанар Жәметқызы «Ыбырай Алтынсарин –ағартушы-педагог, ақын-жазушы» тақырыбында баяндама жасап, Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, шығармашылығы, ұрпақтары туралы өте мазмұнды да мағыналы мәлімет берді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ағыбаева Сабина Советқызы «Ыбырай Алтынсарин — публицист» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Ыбырай Алтынсариннің публицистика саласындағы еңбектері – хаттары, этнографиялық тақырыптағы зерттеу мақалалары, газеттерде жарияланған мақалалары жайлы ой толғады.
Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар», «Өзен» атты өлеңдерін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2 курс студенттері – Бекқұлова Нұрила мен Сұлтан Гүлбағила оқып берді.
Шараға қатысушылар «Қазақ даласының алып қоңырауы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ҰлттыңҰлыҰстазы