Лотман Ю. М. Семиосфера

Автор: Лотман Юрий М.
Описание: Лотман, Ю. М. Семиосфера [Мәтің] / Ю. М. Лотман. - Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 640 б. ; кесте. - (Рухани жаңғыру). - Библиогр.: б. 590-638. - 10 000 дана. - ISBN 978-601-7943-34-9.
Аннотация: "Семиосфера" - Ю. М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін жетінші еңбегі. Бұл кітап оны Мәскеу - Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.

Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышаттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгеллей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиоткалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіреді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.

Кітаптағы монографиялар ("Мәдениет және жарылыс", "Ойшыл әлемдер ішінде"), әр жылдары жарық көрген мақалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлық білім мамандарі үшін бағалы дүниеге айналды.

"Семиосфера" студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер қауымына арналған.

Даритель: ОФ «Дамалық»