Лаумулин М. Т. Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан. Шетелдік шығыстанудағы қазақтардың тарихын, мәдениетін және этнографиясын зерттеу

Автор: Лаумулин Мұрат Тұрарұлы
Описание: Лаумулин, М. Т. Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан. Шетелдік шығыстанудағы қазақтардың тарихын, мәдениетін және этнографиясын зерттеу [Мәтің] / М. Т. Лаумулин ; ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. – Нұр-Сұлтан : [ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ], 2019. – 472 б. : сурет. – 500 дана. – ISBN 978-601-7972-16-5.
Аннотация: «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған) бұл ғылыми жұмыс – IV томдық монографияның кеңірек қаптылып, толықтырылып, қайта босылған, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, этнографиясын жәнетіл білімін «батыс шығыстануындағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеу» мақсатында жазылған өзектілігі жоғары еңбек.

Кітапта Орталық Азия және Ішкі Еуразияны зерттеу контексіндегі шығыстану мектептерінің қалыптасу мәселелері мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, Орталық Азия тарихы бойыншаежелгі және ортағасырлық дереккөздер талданған, олар – Орталық Азия халықтары туралы ежелгі авторлардың деректері, автохтонды, ортағасырлық дереккөздер, мұсылмандық тарихнама, сонымен қатар, маңызды қытай дереккөздері. Еңбекте аймақтағы ортағасырлық тарихтың негізгі бағыттары айқындалып, номадизмнің тұжырымдамасы мен көшпенділердің мәдениеттануы, түркітану, алтайтану және аймақтағы көне, әрі ортағасырлық тарихтың тіл білімі, ең бірінші кезекте қыпшақтану (куманология) сияқты бағыттарды қосады.

Әсіресе батыстық шығыстанудағы қазақьардың тарихы мен этнографиясын зерделеуге ерекше назар аударылады. Мұнда кеңінен қарастырылған мәселелер: көне замандағы дереккөздер мен Жаңа дәуірдің қазақтары туралы деректер; еуропалық жиһанкездердің және ғалыидардың қазақтар мен Қазақстан туралы жазбалалары мен аймақта ғылыми жұмыс жүргізгендегі бақылау мәліметтері. Монография қазақ номадизмінің феноменін географиялық фактор және табиғи орта, әдеуметтік құрылым, саяси жүйе және қазақтардыңкөшпелі мәдениеті сияқты ғылыми мәселелер контексінде қарастырады.

Еңбекте Орталық Азияны зерттеу контексіндегі шығыстану мен саясаттанудыңөзара байланысымен сабақтастығы ұтымды көрсетіліп, Шығыс және Батыс клдерінде тарихи отанынан жырақты жүрген қазақтар туралы әдебиеттер ұсынылған.

Кітап тарих, тарихнама және шығыстану, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясаттану сынды бірқатар мамандықтарға арналған. Сондай-ақ, бұл монография шығыстану, тарих, саясаттану, халықаралық қатынастар факультеттері мен кафедраларынаоқу құралы ретінде пайдалануға да ұсыналады.

Даритель: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ