Клуб «Қаламгер»

Устав. Положение клуба «Қаламгер»

«Қаламгер» клубы С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның «Мәдени мұра» жанынан 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Клубтың ұраны ретінде белгілі қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Қаламнан күшті қару жоқ» деген сөздері алынды.

Клуб туралы Жарғы мен Ереже әзірленді.
«Қаламгер» клубы қаланың шығармашылық зиялы қауымының басын қосады. Клуб мүшелері С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның оқырмандары – жергілікті жазушылар мен ақындар, журналистер, шығармашылықпен айналысатын жас таланттар (студенттер, колледждер мен мектептердің оқушылары), С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актерлері және басқалар.

Клубтың төрағасы — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі ақын Мүтәллап Мұхамәдиұлы Қанғожин.

Клубтың мақсаттары мен міндеттері:
• қаланың шығармашылық зиялы қауымының мәдени сұранысын қанағаттандыру;
• жергілікті авторлардың шығармашылығын кеңінен насихаттау;
• клубтың өз шығармашылық жолын жаңа бастаған жас мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға жәрдемдесу;
• жаңа бастаған әдебиетшілердің шығармаларын мерзімді баспасөз бетінде жариялауға көмектесу;
• клуб мүшелерінің шығармашылық жоспарларын талқылау және қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне байланысты пікір алмасу.

Клуб отырыстарында жас таланттар белгілі авторларды өздерінің поэзиялық және прозалық шығармаларымен таныстыра отырып, олардан өз шығармаларына қатысты ақыл-кеңес алады.

«Қаламгер» клубының мүшелері кітапханада өткізілетін шараларға да белсенді түрде атсалысады.