«Кітапхана — білім ордасы» библиографиялық шолу

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай кітап біздің ең құнды, баға жетпес байлығымыз болып табылады. Барлық білімді, рухани азықты, тарихи шежіремізді, мәдениетімізді осы кітаптан аламыз. Ал кітап пен оқырманды байланыстыратын әрине ол киелі орда кітапхана. Ол – ақпарат пен білім ордасы. Кітапхана білім аламын деген адамның ең үлкен қолдаушысы. Ал кітап білім жолындағы адамның рухани азығы.
Бүгінде сол рухани азығымызды сақтау орындары еліміздің түкпір-түкпірінде үлкенді-кішілі болып өз жұмыстарын жүргізуде. Оқырмандар үшін кітапханаларда барлық жағдай жасалған. Олар кітапханаға келіп өздеріне қажетті кітаптар алып оқып, баспасөз құралдары газет, журналдардан керекті ақпарат ала алады.
Бүгінгі біздің шығарылым да оқушыларға арналған танымды басылымдар жайында. Солардың ішінде: энциклопедиялар, көркем шығармалар («Біздің батыр бабалар», «Өтірік айтпайтын күн»), әйгілі тұлғалар жайындағы әдебиеттер («Есімдері ел есінде», «Даланың дана арулары», «Қазақ балуандары»), мерзімді басылымдар («Мәңгі Ел», «OYLA», «National Geographic», «Махамбет», «Мұқағали»).
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги