«Күй атасы — Құрманғазы»

2023 жылдың 17 қазаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың аспаптық музыкасын дамытып, оны әлемдік деңгейге көтерген классик композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Күй атасы — Құрманғазы» атты музыкалық қонақжай өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің «Foundation» факультетінің тыңдаушылары, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттері, №6 Қожаберген жырау атындағы мектептің оқушылары, «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
Алғашқы болып сөз алған белгілі күйші-домбырашы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Серікбай Құсайынов ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығына, күйлерінің шығу тарихына жан-жақты тоқталып, оның «Қайран шешем, «Ақсақ киік», «Кісен ашқан», «Қызыл қайың», «Боз шолақ», «Босқаңғыр» күйлерін өте шебер орындап берді.
Ақан сері атындағы облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің жас дарынды күйші-домбырашылары Бәйімбет Құбайдолла . Құрманғазының «Кішкентай», «Төремұрат», «Теріс қақпай» күйлерін, Диас Серікбай Құрманғазының .«Адай», «Байжұма», «Сарыарқа», атты күйлерін тамаша орындап беріп, жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Ал Құрманғазының «Балбырауын» күйін үш күйші бірігіп орындап беруі тындаушыларға ерекше әсер берді.
Шараға қатысушылар «Күй өнерін аспандатқан» атты кітап көрмесін тамашалады.