Тікелей эфир «Күй анасы»

2021 жылдың 23 маусымы күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде көрнекті күйші-композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына арналған «Күй анасы» атты онлайн дәріс өткізілді және оның күйлері орындалды.
Облысымыздағы бірінші кәсіби күйші-композитор, атақты күйші Дина Нұрпейісованың шәкірті Ығылман Әлжановтан тәлім алған Құсайынов Серікбай Бәриұлы Дина Нұрпейісованың өмірі мен күйшілік-композиторлық өнеріне жан-жақты тоқталды. Күй өнерінің асқан шебері Дина Нұрпейісованың күйшілік дәстүрі өзінен соңғы қаншама буын қазақ күйшілеріне үлкен өнер мектебі болғанын баса айтты.
Оның майда үнді, нәзік сазды«Әсем қоңыр», тасқын атқан «Той бастар», «Жасай бер, Қазақстан» күйлерін өте тамаша шеберлікпен орындап берді. Шара соңында Дина Нұрпейісованың ұстазы Құрманғазының «Адай» күйін де орындап берді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #КүйАнасы