Еңбекте ХХ ғ. 20-жж. соңы - 30-жж. басындағы Қазақстандағы ашаршылық пен босқыншылықтың алғышарттары, барысы, Қазақстанмен шектес аймақтардағы босқандардың ахуалы, босқыншылықпен күрес тарихы нақтыланады. Қазақстандағы1929-1931 жж. шаруалар көтерілістері мен қазақтардың ауа көшуі халық наразылықтары тұрғысынан қарастырылып, көтерілісшілердің шеқарадан өтуі мен "ауа көшу" мәселесі де жаңа деректер негізінде ашылады.
Монографияда босқыншылық тарихының аймақтық ерекшеліктері қарастырылады. Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтары бойынша Батыс Сібірдегі босқын қазақтардың бейімделу мәселелері, қазақтардың Алтай өлкесіне мәжбүрлі түрде қоныс аударуы, Еділ бойындағы босқын-қазақтар деген бөлімшелер негізінде көрсетілген.
Орта Азия Республикалары бойынша қазақ босқандарының тарихы аштықтан Қырғызстанға қашқан қазақтардың жасалған көмек негізінде аман қалуы, Өзбекстандақазақ босқандарын орналастыру мәселелері, Қарақалпақстандағы қазақ босқындарының тағдыры, Тәжікстандағы қазақ босқандарының тағдыры, орналасу ерекшеліктері және Түрікменстандағы қазақ босқындарының тарихы жаңа архивтік құжаттар мен естеліктер негізінде ашылады.
Монография гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандарға, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, оқытушылар қауымына, сондай-ақ ел тарихын сүйер көпшілік қауымға арналған.