«Ерекше дарын иесі» Жерлесіміз, халық ақыны Молдахмет Тырбиевтің туғанына 140 жыл

Қазақ халқы үшін алмағайып заман болған ХІХ-ХХ ғасырларда талай шоқтығы биік тұлғалар өмір сүрген. Солардың бірі — халық ақыны Молдахмет Тырбиев. Өнері, шығармашылығы, адамгершілік қасиеттері әлі күнге дейін ел арасында айтылып жүрген Молдахмет Тырбиевтің туғанына биыл 140 жыл. Осыған орай бүгін М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Жанбай Тұрарұлымен тікелей эфирде кездесу өтті. 2000 жылы Жанбай Тұрарұлы Молдахмет Тырбиевтың жыр кітабын тұңғыш рет құрастырып, «Дүлдүлдердің дүбірі» деген атпен жарыққа шығарған. Эфирде Жанбай Тұрарұлы М.Тырбиевтің өмірі, шығармашылығы, айтыскерлігі туралы айтып беріп, ақын шығармашылығын зерттеуі жайлы баяндады. Кітапханаға өзінің «Сал-серілер поэзиясының солтүстік аймақтағы дәстүрі» монографиясын және «Хрестоматия. Көкшетау-Қызылжар өңірінің әнші-ақындары» оқу-әдістемелік құралын сыйлады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ЕрекшеДарынИесі