«Ел үшін еңіреген ер – ел есінде»

2023 жылдың 4 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ел үшін еңіреген ер – ел есінде» атты тарих сағаты өтті.
Тарих сағатын осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова өткізді.
Тікелей эфирде қазақ халқының даңқты батыры, 1916 жылғы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Амангелді Имановтың өмірі мен қызметі, ерлік істері жайлы жан-жақты баяндалды. Ол қазақ даласындағы езілген бұқараны патша өкіметіне қарсы көтеріп, ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастыруда және халықты өз соңынан ерте білуде ерекше ұйымдастырушылық талантымен, ержүректілігімен ерекшеленді. Амангелді батырдың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату, азамат соғысы жылдарындағы ерлікке толы қат-қабат күрес жолдары ашып көрсетілді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги