«Ел ардақтысы»

2021 жылдың 13 сәуірі күні сағат 11.00-де Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Память» қоғамдық қорының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, ақын Болат Сағындықтың 85 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Өмір белестері» «Мемориал», «Үзілмес үміт» кітаптарының тұсаукесері өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, журналистер, мерейтой иесінің туыстары қатысты.
Шараны Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов жүргізді.
Шарамызға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысып, ол мерейтой иесін 85 жасқа толуымен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан құттықтап, құттықтау адресі мен гүл шоқтарын, Сәбит Мұқановтың екі томдық «Аққан жұлдыз» кітабын табыс етті.
Келесі сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, еңбек ардагері Тілек Әбдірахманов, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жамбыл Тасеменов, ардагер ұстаз, туысы Қымбат Исманова Болат Мағазұлын мерейтойымен құттықтап, оның өмір және еңбек жолына, шығармашылығына тоқталды.
Тұсаукесер рәсімін облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің профессоры Зарқын Тайшыбай, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов жасады.
Тұсауы кесіліп отырған кітаптары туралы пікірлерімен жазушы, журналист республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат, журналист, ақын Нұрсайын Шәріп т.б. бөлісті.
Мерейтой иесі Болат Сағындықов кітаптарының шығу тарихына тоқталып, өзінің 5 жазықсыз жапа шеккендерге арналған Мемориал ескерткіштердің ашылуына мұрындық болғаны туралы баяндады. Шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шараға қатысқандар «Ел ардақтысы» атты кітап көрмесін тамашалады. #БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ЕлАрдақтысы