Аннотация
Бұл жинақ - қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы жинақ. Мәселен, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, әлемнің тұңғыш жеті данагөйінің бірі болған қазақ бабасы Арыс, тұңғыш Күн империясын құрған бабамыз Мөде, тұңғыш Үйсін мемлекетін құрған Елсау Күнби, қазақ тайпаларының тұңғыш сөздігін жасаған Махмұт Қашқари, тұңғыш тарихын жазған Мұхаммед Хайдар Дулати, тұңғыш қазақ өлеңіне жаңа түрлер енгізген Абай, тұңғыш опера әншісі Күләш, тұңғыш археологиялық зерттеу жүргізуші Әлкей Марғұлан, тұңғыш кәсіби суретші Әбілхан, т.б. туралы деректі мағлұматтар мен мақалалар жинақталған.
