Аннотация
«Жүрек сыры» – Қызылжар өңірінің қаламы қарымды ақыны Тоқтар Зікіриннің жыр жинағына баланатын кезекті туындысы. Бұған дейін толық таңдамалы шығармалар жинағын ұсынып үлгерген қаламгердің бұл еңбегіне соңғы кездері жазылған тіршіліктің сан алуан тақырыптарын қамтитын өлеңдері енген. Ақын бүкіл адамзатты толғантатын өмірдің өзекті мәселелерін қозғайды. Азаматтық, әлеуметтік әуендегі және табиғат жырларымен көпшіліктің көкейіндегі ойын айтса, жастықтың сезімді сырларымен жүрек қылын тербейді. Сондай-ақ, жаңа өлеңдер кітабына Ұлы Даланың Ұлы Аналарының бірі туралы жыр-хикаяты еніп отыр. Жинақтың өз оқырмандарын табатыны сөзсіз.
