Аннотация
Қазақтың жезкиік ақыны Кәкімбек Салықовтың бұл жыр жинағы өзінің сүйікті жары Мәриямға арналған. Шуақты сезімдер мен жүрекжарды толғаныстарға толы лирикалық өлеңдері мен сонеттер жинағын махаббат күнделігі десе де болады.
Бүгінде олардың қол ұстасып махаббат жырын жырлағандарына 60 жылдан асар еді. Әттең, ажал апаны ақынды да кісендеді. 1955 жылы отау құрған қос ғашық бірін-бірі үнемі толықтыра білетін. Ақынның музасына айналған Мәриям алай да отбасының мықты тірегі, танымал тұлғаның адал жары бола білді. «Сенің барың қандай жақсы қасымда, жүрегімде сенсіз өлең тасыр ма?!» – деп ақын ғашығына үнемі сыр шертетін еді.
«Мен сүйген жұқа сары қыз төрімде төре болды ана.... Өтіңдер оны ардақтап, мен сүйген жаннан туғандар» деген өсиетін балалары мен немерелері ешқашан ұмытпақ емес.
Шын ниетпен жазылған өлеңдері оқырманға ақынның жүрек лүпілін жеткізеді.
Кітап көпшілік өлеңсүйер қауымға арналған.
