Аннотация
Бұл кітапқа КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, журналист, аудармашы, жазушы, ақын Жарасбай Нұрқановтың өмір туралы ой-толғаулары мен естеліктері, шетел және орыс, қазақ жазушыларының шығармашылық еңбектері жайлы жазған материалдары мен очерктері, суреттемелері, әңгімелері, фельетондары еніп отыр. Сондай-ақ, ақынның қатарластары мен оқырмандарының лебіздері де бар.
Бұл жинақ ақынның 80 жылдығына орай оқырмандарына тарту ретінде шығарылып отыр.
