Аннотация
Халқымыздың сүйікті жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсреповтың бұл кітабына енген еңбектерінде төл әдебиетімізді дамытудың күрделі проблемалары, көркем өнердің партиялылығы мен халықтық сипаттары, бауырлас халықтар әдебиетінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тигізіп отырған игі ықпалы кеңінен сөз болады. Сөз өнерінің көрнекті өкілдерінің өзіндік ерекшеліктері мен шеберліктері, әдебиеттің ұлттық және интернационалдық бірлігі жеткілікті дәлелдермен жан-жақты ашып көрсетіледі. Жинаққа автордың жеке ақын-жазушылардың творчествосын сөз еткен мақалалары да топтастырылған.
