Аннотация
Жазушы Нығмет Ғабдуллин оқырман қауымға әдебиет зерттеу, сын саласындағы еңбектерімен де таныс. Оның «Уақыт сыры» деп аталған мына кітабында туған әдебиеттің келелі мәселелері хақында әр жылдарда жазған сын-зерттеу жұмыстары топталған. Бұлардың қайсыбірін автор өзінің бұрын жарық көрген монографиясында ішінара пайдаланған-ды. Бірақ әр мақалада белгілі уақыттың сыры бар және әрқайсысында әдебиеттің нақты мәселесі көтеріледі. Автор ол еңбектерін ой елегінен қайта өткізіп, жүйелеп ұсынып отыр.
Еңбекке енген сын-зерттеу жұмыстары үш тарауға бөлініп, бір желіге тартылған. Әр тарауда толғанған пікірлер біріне-бірі сабақтаса, ұштаса дамып, кітапқа тұтастық сипат береді. Ұлттық әдебиетіміздің кешегі, бүгінгі және ертеңгі тұрғысындағы өзекті проблемаларына қатысты ой қозғалады.
Қолжазба рецензенттері: Т. Тоқбергенов, Б. Сарбалаев.
