Аннотация
Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, академик жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған «Ботагөз», «Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Балуан Шолақ», «Сырдария», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» сияқты үлкен, кең тынысты кітаптары халқымыздың сүйікті шығармалары болып табылады.
Солардың бірі - «Ботагөз» романында жазушы Қазақстанда Совет өкіметін орнату жылдарындағы оқиғаларды баяндайды.
Бұл кітапшада сол шығармадан шағын үзінді беріліп отыр.
