Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман-хикаятарымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушының «Сонғы соққы» романында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы Жетісу өңірінің от-жалынға оранған күреске толы күндері баяндалады, ел мен үшін аянбаған тұлғалардың ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері шынайы сипатталады.
Адам тағдырына терең бйлай білетін қаламгер шығармасында дәуір мен дерек сипаты, замана шындығы кең қамтылады. Ширыққан оқиғаларға құрылған туындыда жазушы қылмыскерді тығырыққа тіреудің сан қилы әдіс-тәсілдерін шебер меңгерген кейіпкер болмысын боямасыз суреттеп, көркем тілмен өрнектеп жеткізеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
