Аннотация
Белгілі жазушы, журналист Бақыт Мұстафиннің бұл кітабына әр жылдардағы таңдаулы очерктері енгізілді. Олардың кейіпкерлері республика, облыс өңіріне белгілі танымал тұлғалар. Бүгінгі нарық заманының қыр-сырын жедел меңгеріп, жетік үйренген іскер кәсіпкерлер, қанша қиындықтарға қарамастан ауыл өмірін қайта түлетіп жатқан шаруа қожалықтарының басшылары, қоғам қайраткерлері, кеңестік дәуірде ел басқарып, бүгін де қатардан қалмай жұртына жанашыр көмегін ұсынып, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардагерлер, адал еңбектерімен жаңа заманның қатарынан қалмасқа қайрат қылған қарапайым жандардың ұмтылысын, қажыр-қайратын, ақыл-парасатын автор тартымды әңгімелеп, оқырманға ой салады, толғантып, игі істерден үлгі алуға үндейді.
Кітаптағы туындылардың тілі көркем, жеңіл оқылады.
