Аннотация
«Кенші-ақын», «Жезкиік-ақын» атанған көрнекті қаламгеріміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың бұл жинағына еліміздің ерен тұлғасы, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының тас тұғырын қалап кеткен өз мектебі бар көсем тарихшы,өресі биік,өнегесі дарабоз, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналған өлеңдері мен поэмалары енді. Жинақтың тартымдылығы ғалым өскен өлкесін,өркен алған оттаны қалыптасқан жыр маржандары ардақты ғалым-азаматтың жарқын бейнесіні аша түседі. Ғұлама Ғалым М. Қ. Қозыбаев жарты ғасырдан астам ұстаздық және ғылыми қызметін өмірін қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауға арнаса, жинақтың негізгі арнасы да осы бағытты ұстанады.
Ақынның жүрек сағынышы мен жан тынысын таңдаңыздар. Оқырман қауым сүйсінер деп сенеміз.
