Аннотация
Бұл кітапқа қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың "Тәттімбет" атты поэмасы, өлеңдері және "Жәнияның концертін тыңдағанда" атты толғауы еніп отыр. Бұл жинақтың үшінші рет басылуы болса да, поэма мен толғауға қосымшалар енгізілді. Қазақтың ұлы композиторы Тәттімбет Қазанғапұлы жайлы поэмасын қазақ поэзиясының табысы ретінде оқушы қауым жылы қарсы алды. Өзі де сазгерліктен құр емес К. Салықов ән мен күйдің нәзік сырларын шертуде үздіктігін "Отырар сазы" кітабымен де айқындады. Жинақ сұлу саз өнеріне құмар оқушы қауымға арналған. Сәт тілейміз.
Бұл кітапты шығаруға демеушілік еткен қазақтың әдебиеті мен өнерінің, халық мұрасының үлкен қамқоршысы Амангелді Ермегияев мырзаға алғыс айтамыз.
