📚 Книга
Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасы: экспедициялық зерттеулер = Нематериальное культурное наследие Северо-Казахстанской области: экспедиционные исследования
Аннотация
Кітапта Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасы бойынша жаңа зерттеу нәтижелері ұсынылған. Еңбекте облыстың 3 ауданы бойынша жүргізілген музыкалық-фольклорлық кешенді экспедицияның бағыттары және жиналған материалдық емес мәдени мұра элементтері жанрлық ерекшеліктеріне қарай сұрыпталып, оларды сақтаушы мұрагерлер туралы мәліметтер екі тілде келтірілген. Сондай-ақ, экспедицияда жазылып алынған музыкалық шығармалар халық өнерпаздарының орындауында алғаш рет нотаға түсірілді.
Кітап өнертанушы, мәдениеттанушы, тарихшы мамандарға, сондай-ақ Қазақстанның орта және жоғарғы музыкалық оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларға, ғылыми-зерттеу институт қызметкерлеріне, өнер мен мәдениет саласына қызығушылық танытатын көпшілік оқырмандарға арналған.
