Аннотация
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының екі томдық толық жинағын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарда айтылып жүрген ескертпелер ескерілді, жаңадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер толықтырылып қайтадан жазылды.
Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары енгізілді.
