Аннотация
Белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың көптомдық шығармалар жинағының сегізінші томы болып табылатын «Күзгі шуақ» атты бұл жыр жинағына негізінен ақынның үстіміздегі ғасырдың алғашқы бес-алты жылы мұғдарында жазылған өлеңдері енгізілді. Сан тақырыпқа қалам тербеген сергек ойлы ақын жырлары оқырман қауымды бейжай қалдырмасы анық. Ал жинақтың екінші бөліміне топтастырылған поэмалар, толғаулар мен одалар да шалқар шабыт нәтижесінде дүниеге келген туындылар. Кітап көпшілік өлеңсүйер қауымға арналған.
