Аннотация
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың көп томдық шығармаларының екінші томы «Аққу жеткен» деп аталады. Бұл кітапқа ақынның өсу, өрістеу жолында жазылған әр жылдағы өлеңдері сол баяғы қалпында берілді. Поэмаларына да еш өзгеріс енгізілмеді. Өмір толғаныстары мен туған елге арналған өлеңдері оқырманды тебірентіп, жан баурайды.
