Аннотация
Қазақтың көрнекті ақыны, «Жезкиік ақыны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, одақтық сайыстардың жүлдегері, Астаналық «Керемет» сыйлығының иегері Кәкімбек Салықовтың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томын ақынның поэзиялық паспорты болып «Кенші ақын» атанып кеткен өміріне байланысты «Кеншілік пен ақындық» деп атадық. Ақынның алғашқы өлеңдері мен тұңғыш поэмалары да поэзия жолының бел-белестерін айғақтайды. Сүйсініп оқыр өлеңдер жинақталды.
