📚 Книга
Шығармалары. Өлең-жырлар, әңгімелер, пьеса, көсем-сөздер мен сын-зерттеу мақалалары
Аннотация
Халқымыздың ұлы перзенті Міржақып Дулатовтың халқына қалдырған шығармашылық мұрасы ұшан-теңіз. Оның қазақ елі мен жері, тіршілігі мен тынысы, тарихы мен тілі, әдебиеті мен мәдениеті, әлеуметі мен этнографиясы, салты мен дәстүрі хақындағы сан алуан тақырыптағы еңбектері уақыт өткен сайын мән-маңызы арта түсер бағалы дүниелер.
М. Дулатовтың 125 жылдық мерейтойына орай шығарылып отырған бұл жинаққа осынау еңбектердің іріктелген бір шоғыры берілді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
